Бұл веб-сайтты Еуропа Одағы да қаржыландырады. Ондағы контент – Қайта құру және даму жөніндегі еуропалық банкінің (EBRD) жеке жауапкершілігі және ол Еуропа Одағының көзқарасын білдірмейді.
Жасыл технология саласындағы компанияларды озық кәсіпорындармен және үй иелерімен табыстыру
Еуропалық қайта құру және даму банкі (EBRD) әзірлеген бұл онлайн платформа инвестициялық шешімдерді оңтайландыру арқасында экологиялық таза технологияларды ендіру процесін жылдамдатады.
Бұл платформа сатып алушыларды жергілікті серіктес қаржылық институттар арқылы EBRD банкінің қаржыландыру бағдарламасының талаптарына сай келеді деп алдын ала мақұлданған жасыл технологиямен айналысатын компанияларды табыстырады..
Жасыл технологиялар компаниялар мен үй иелеріне әлдеқайда тұрақты болашақ қалыптастыратын ұзақ мерзімді қаржылық жәнге экологиялық пайда әкеледі.
Green Technology Selector қазіргі уақытта кемінде 2 000 жеткізуші ұсынған шамамен 39 000 технологияның жарнамасын жүргізуде, нәтижесінде жыл сайын шамамен 15 000 технология сатылады.
Сатып алушылар серіктес қаржылық институттар қаржыландырғысы келетін жасыл технология жабдықтаушыларын анықтайды.
Жеткізушілер өз технологияларын тегін тіркеп, инвестициясы дайын сатып алушылар қаржыға қол жеткізе алатын нарықтарға кіре алады.
Қаржылық институттар EBRD қаржыландыру бағдарламаларының талаптарына сай келетін технологияларды пайдаланып, транзакция шығынын азайта алады.
“Жасыл” технологияларды қалай анықтауға болады?
Green Technology Selector платформасы EBRD банкінің қағидаларына, саясаттарына және рәсімдеріне сай келетін технологияларды жарнамалайды. Оған банктің тұтастық стандарттары, қоршаған орта және әлеуметтік саясат және жасыл экономикаға ауысуға арналған техникалық нұсқау кіреді
Көрсеткіші жоғары жасыл технологиялар деген не?
Көрсеткіші жоғары жасыл технологиялар – белгілі бір ел үшін EBRD банкі алдын ала орнатқан жұмыс көрсеткіші өлшемшарттарына сай келетін өнімдер. Жұмыс көрсеткіші өлшемшарттары технология санатына, елге қарай анықталады. Стандартты технологиялармен салыстырғанда олардың жұмыс көрсеткіші кемінде 20% жоғары болуы керек, себебі ол – технология шығындары және нарық саралығы сияқты жергілікті нарықтың даму көрсеткіштерінің көрінісі. Осылайша жергілікті нарықтарда технологиялардың жоғары көрсеткішті сегменттері ғана жарнамаланады.
Бұл веб-сайтты Еуропа Одағы да қаржыландырады. Ондағы контент – Қайта құру және даму жөніндегі еуропалық банкінің (EBRD) жеке жауапкершілігі және ол Еуропа Одағының көзқарасын білдірмейді.