Green Technology Selector туралы ақпарат

Жасыл технология саласындағы компанияларды озық кәсіпорындармен және үй иелерімен табыстыру

Еуропалық қайта құру және даму банкі (EBRD) әзірлеген бұл онлайн платформа инвестициялық шешімдерді оңтайландыру арқасында экологиялық таза технологияларды ендіру процесін жылдамдатады.

Бұл платформа сатып алушыларды жергілікті серіктес қаржылық институттар арқылы EBRD банкінің қаржыландыру бағдарламасының талаптарына сай келеді деп алдын ала мақұлданған жасыл технологиямен айналысатын компанияларды табыстырады..

Жасыл технологиялар компаниялар мен үй иелеріне әлдеқайда тұрақты болашақ қалыптастыратын ұзақ мерзімді қаржылық жәнге экологиялық пайда әкеледі.

  • Технологияны сатып алушылар сатып алу кезінде толық сараланған шешім қабылдай алады және қаржысын реттей алады
  • Технология жеткізушілері инвестиция жасауға дайын болашақ сатып алушыларға өнімді көрсету әлеуетін арттыра алады
  • Қаржылық институттар клиенттердің климатқа және энергияға қатысты іс-шараларда әлдеқайда тұрақты болуына мүмкіндік береді

Green Technology Selector қазіргі уақытта кемінде 2 000 жеткізуші ұсынған шамамен 39 000 технологияның жарнамасын жүргізуде, нәтижесінде жыл сайын шамамен 15 000 технология сатылады.

Сатып алушылар серіктес қаржылық институттар қаржыландырғысы келетін жасыл технология жабдықтаушыларын анықтайды.

Жеткізушілер өз технологияларын тегін тіркеп, инвестициясы дайын сатып алушылар қаржыға қол жеткізе алатын нарықтарға кіре алады.

Қаржылық институттар EBRD қаржыландыру бағдарламаларының талаптарына сай келетін технологияларды пайдаланып, транзакция шығынын азайта алады.


“Жасыл” технологияларды қалай анықтауға болады?

Green Technology Selector платформасы EBRD банкінің қағидаларына, саясаттарына және рәсімдеріне сай келетін технологияларды жарнамалайды. Оған банктің тұтастық стандарттары, қоршаған орта және әлеуметтік саясат және жасыл экономикаға ауысуға арналған техникалық нұсқау кіреді

  • Бұл технологиялар нарықтағы стандартты технологиялармен салыстырғанда климаттық өзгерістің салдарын айтарлықтай төмендетеді, дағдылануға және/немесе басқа да қоршаған ортаға қатысты пайдасы бар.
  • Нарықтағы көрсеткіштерді және талаптарға сәйкестік атрибуттарын жүйелі түрде тексеріп отыру негізінде әр технология санаты үшін минималды көрсеткіш өлшемшарттары орнатылады.
  • Жеткізушілер әр технологиялық өнімге қатысты соңғы мәліметтерді беріп отырады және өз технологияларының төлсипаттарын тіркеуі керек. Техникалық сарапшылар олардың талаптарға қаншалықты сай келетіндігін бағалайды және тексереді.
  • Осы өлшемшарттарға келмейтін технологиялық өнімдер алып тасталады.

Көрсеткіші жоғары жасыл технологиялар деген не?

Көрсеткіші жоғары жасыл технологиялар – белгілі бір ел үшін EBRD банкі алдын ала орнатқан жұмыс көрсеткіші өлшемшарттарына сай келетін өнімдер. Жұмыс көрсеткіші өлшемшарттары технология санатына, елге қарай анықталады. Стандартты технологиялармен салыстырғанда олардың жұмыс көрсеткіші кемінде 20% жоғары болуы керек, себебі ол – технология шығындары және нарық саралығы сияқты жергілікті нарықтың даму көрсеткіштерінің көрінісі. Осылайша жергілікті нарықтарда технологиялардың жоғары көрсеткішті сегменттері ғана жарнамаланады.


Green Technology Selector платформасы Австрияның федералдық қаржы министрлігінің қаржыландыруымен әзірленді.

Бұл веб-сайтты Еуропа Одағы да қаржыландырады. Ондағы контент – Қайта құру және даму жөніндегі еуропалық банкінің (EBRD) жеке жауапкершілігі және ол Еуропа Одағының көзқарасын білдірмейді.

Cofounder by the European Union