Тіркеу не үшін қажет?

Өз еліңізде және шетелде көптеген әлеуетті клиенттер мен қаржылық серіктестер қатарына қосылыңыз. Green Technology Selector жүйесі - таза технологияларды әзірлеушілер мен жеткізушілерге осы технологияларды сатып алуға мүдделі кәсіпорындармен және үй иелерімен байланыс орнатуға көмектесетін, интернет-дүкен үлгісі бойынша құрылған халықаралық платформа.

Бағаланған, сыныптағы ең жақсы өнімдерді ұсынатын жеткізушілер туралы көбірек сұрастырыңыз. Сіз Green Technology Selector жүйесінде тіркеген өнімдер бүкіл әлемде ең жақсы экологиялық таза технология ретінде жарнамаланады, ал тапсырыс берушілер басқаларға қарағанда оларға көбірек артықшылық берілгендері үшін ынталандырылады. Тіркелу тегін. Сіз өз өнімдеріңізді тіркегеннен кейін, олар барлық әлеуетті сатып алушыларға үнемі көрінетін болады.

Өз сату арналарыңызды кеңейтіңіз. Нақты бір елге арналған Green Technology Selector жүйесінде тізімделген өнімдер экологиялық таза технологияларға маманданған жергілікті қаржы ұйымдарынан қаржыландыру алу үшін алдын ала мақұлданған және техникалық талаптарға сәйкес келеді деп саналады. Бұл қарапайым процесс мәмілелерді өңдеу уақытын қысқартуға көмектеседі, әсіресе үй шаруашылықтарына, шағын және орта бизнеске тән шағын инвестициялар үшін.

Green Technology Selector жүйесі Сіз ұсынатын технологияларды жергілікті әлеуетті тұтынушылар үшін көрнекілек етеді және Сіздің өнімдеріңіз үшін жаңа маркетингтік арнаны ұсынады. Green Technology Selector жүйесінде ұсынылған технологияларды қаржыландыру жылдамырақ, бұл Сіздің компанияңыздағы айналымды жылдамдатуға мүмкіндік береді.

Кешенді, бірақ қарапайым жүйенің артықшылығын пайдалану үшін.



Жиі туындайтын сұрақтар


Green Technology Selector тізіміне енгізілген жеткізушілер үшін қандай артықшылықтар бар?

Green Technology Selector жүйесінде жеткізуші ретінде тіркелудің артықшылықтары:

  • Сізге және Сіздің тұтынушыларыңызға тегін интернет арқылы өнімді сатудың жаңа құнды арнасының пайда болуы.
  • Қол жетімділікті кеңейту, өйткені Сіздің өнімдеріңіз және оларды сату орындары туралы ақпарат көптеген әлеуетті сатып алушылар үшін қол жетімді болады.
  • Green Technology Selector жүйесіне тіркелгеннен кейін бірден, Сіздің өнімдеріңіз барлық әлеуетті сатып алушыларға үнемі көрінетін болады.
  • Өз класындағы ең жақсы экологиялық таза технологиялардың жетекші жеткізушісі ретінде орналасу мүмкіндігі.
  • Ұқсас технологияларды сататын бәсекелестерден ерекшелену мүмкіндігі.
  • Сатылымның, тауар белгісінің танымалдылығының және тапсырыс берушілер санының артуы.
  • Жүйеде тіркелген технологиялар экологиялық таза технологияларды қолдайтын жергілікті қаржы ұйымдарынан қаржыландыру алу үшін техникалық талаптарды автоматты түрде орындайды.
Өнімнің сәйкестігі қалай бағаланады?

Әрбір технологияның белгілі бір базалық деңгейі, ең төменгі тиімділік коэффициенті, сондай-ақ бес техникалық сипаттамасына дейін бар. Олардың барлығы біз соңғы 10 жылда жинақтаған жобаларды тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз ету саласындағы тәжірибе негізінде белгіленеді. Жүйе Сіз көрсеткен өнім туралы деректерді жүйеде бар ақпаратпен салыстырады, соның негізінде осы өнімнің сәйкестігі туралы шешім қабылданады. Егер өнім өлшемшартарға сәйкес келсе, ол жергілікті сарапшылардың күшімен қосымша бағалауға жіберіледі.

Менің өнімдерім қайда көрсетіледі?

өлшемшартарға сәйкес деп танылған бұйымдар осы өлшемшарттар сақталатын барлық елдердің экологиялық таза технологиялар тізімінде көрсетіледі.

Неліктен мен дүкенді тіркеуім керек?

Дүкенді тіркеу кезінде Сіз тұтынушыларға сол дүкенді табуға және белгілі бір өнімді бәсекелесіңізден емес, Сізден сатып алуға көмектесетін байланыс деректерін (пошта мекенжайы, электрондық пошта мекенжайы, телефон нөмірі, GPS деректері) бересіз.

Мен дүкендерімді қай елдерде тіркей аламын?

Сіз тізімде бар барлық елдерде дүкендеріңізді тіркей аласыз.

Бұл веб-сайтты Еуропа Одағы да қаржыландырады. Ондағы контент – Қайта құру және даму жөніндегі еуропалық банкінің (EBRD) жеке жауапкершілігі және ол Еуропа Одағының көзқарасын білдірмейді.

Cofounder by the European Union